Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде зағип жандарға арналған Брайль әліпбиі бойынша Құран дәрістер өз жалғасын табуда.
Аталған игі бастаманың басты мақсаты – көру қабілеті шектеулі жандардың діни сауатын арттырып, Құран аяттарын оқуға және ислам негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік жасау.
Дәрістер барысында қатысушылар Брайль жүйесі арқылы әріптерді танып, діни мәтіндерді оқуды үйренуде. Сонымен қатар, сабақтарда имандылық, адамгершілік құндылықтар және күнделікті өмірдегі ислам әдебі кеңінен түсіндірілуде.
Бұл қайырымды істі мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп келеді. Ол өз сөзінде мұндай сабақтардың қоғамдағы инклюзивтілікті арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы