Center Image
IHSAN.KZ
«Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі»
«Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі»
Әл Машани мешіті, әйел-қыздар жамағаты, Гүлнұр Қаныбекқызы ұстаздың ұйымдастыруымен «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» тақырыбында дәстүрлі ислам мен ұлттық тәрбиенің қоғамдағы орны насихатталды. 

Қазақ халқының рухани болмысы ғасырлар бойы екі үлкен негізге сүйеніп қалыптасты. Оның бірі – Ислам діні болса, екіншісі – ұлттық дәстүр. Бұл екеуі бір-бірінен ажырамайтын, бірін-бірі толықтыратын құндылықтар жүйесі. Адал, тәрбиелі, саналы қоғам қалыптастыруда олардың орны ерекше.

Қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың хадистері арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, жаман әдеттерден сақтандырады. Ал ұлттық дәстүр – ата-бабаларымыздан келе жатқан өмірлік тәжірибе, тәрбие мектебі. Дәстүр арқылы ұрпаққа әдеп, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет үйретіледі.

Шәкірттер арасында осы құндылықтарды насихаттау мақсатында ұлттық салт-дәстүрлерді сахналау арқылы көрсетілді. Мұндай шараларда  қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытып қана қоймай, оның тәрбиелік мәнін де терең түсінеді.

Мысалы, қыз ұзату дәстүрі – ата-ананың қызын қимастықпен шығарып салуы ғана емес, қызға берілетін үлкен тәрбие. Бұл дәстүрде қыз баланың ибалығы, инабаттылығы, жаңа отбасына деген жауапкершілігі көрсетіледі. Исламда да отбасының беріктігі, ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметі ерекше маңызды орын алады. Сондықтан бұл дәстүр дініміздің қағидаларымен үндес келеді.

Ал бесікке салу – жаңа туған сәбиді бесікке бөлеп, оған ақ тілектер айту рәсімі. Бұл – баланың өмірінің бастауындағы маңызды кезең. Мұнда үлкендер бата беріп, сәбидің болашағына жақсы тілек тілейді. Исламда да бала тәрбиесі бесіктен басталады деп айтылып, ата-ананың жауапкершілігі жоғары бағаланады.

Сондай-ақ, тұсау кесер дәстүрі – баланың алғашқы қадамын тойлау. Бұл рәсімде баланың тұсауын кесіп, оған ақ жол тілейді. Бұл – тек дәстүр емес, баланың болашағына сенім білдіру, оның өмір жолы ашық болсын деген ниет. Исламда да әрбір істі жақсы ниетпен бастау маңызды деп үйретіледі.

Шәкірттер осы дәстүрлерді сахналау арқылы олардың мәнін түсініп, өз бойларына сіңіреді. Бұл – тек көрініс емес, тәрбие құралы. Мұндай шаралар жастардың ұлттық сана-сезімін оятып, дін мен дәстүрдің үйлесімділігін ұғынуға көмектеседі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz