Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастар жамағатына арналған «Жастар әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға исламдағы әдеп қағидалары, көркем мінез-құлықтың маңызы, қоғамдық жауапкершілік және тұлғалық қалыптасу мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған мазмұнды насихат айтылды.
Семинардың негізгі мақсаты – жас буын арасында әдептілік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу, олардың рухани-адамгершілік деңгейін арттыру және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Аталған іс-шара мешіттің жастармен жұмыс жүргізу бағытындағы ағартушылық және тәрбиелік жобаларының бірі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz