Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
«Ар-Рахман» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық және көріктендіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіттің ішкі және сыртқы аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны абаттандыру шаралары жүзеге асырылды. 

Жамағат мүшелері белсенді қатысып, қоғамдық ортадағы тазалық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – экологиялық жауапкершілікті арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттау және қоғамда тазалық құндылықтарын орнықтыру болып табылады.

Шара соңында дастархан жайылып, жамағат арасында рухани отырыс өткізілді.

Бұл шара мешіттің әлеуметтік-экологиялық бағыттағы ағартушылық қызметінің бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz