Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарағанды облысы өкілдігі «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Жалаңтөс Батыр» мұсылман зиратында тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Өткенге құрмет – тіріге міндет» ұранымен өткен сенбілікке Қарағанды қаласы мешіттерінің имамдары мен дін қызметкерлері, еріктілер және жергілікті зират әкімшіліктерінің мамандары белсене қатысты.
Сенбілік аясында зират маңы қоқыстан тазартылып, қоршаулар ретке келтірілді. Сонымен қатар, зираттардың кіреберісіне зиярат әдебі мен бейіт тұрғызу тәртібі туралы мәлімет беретін ақпараттық тақталар орнатылды.
Шара барысында «QАМQOR-SНARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жыл сайын қолға алынып отырған сауапты іске ұйытқы болып, тазалық жұмысына жұмыла атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді.
ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зират және зиярат ету мәдениеті» құжаттары кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, марқұмдардың рухына арналып қасиетті Құран бағышталып, дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы