Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРДА ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму»-дың технолог маманы Айжан Омарова орындады.

Аудит жұмыстарының мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат көздері және дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы мен технологиялық тәртіптің орындалуына ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, мамандар қаладағы төмендегі нысандар бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізді:

«Aiza» балмұздақ өндіру кәсіпорны,  «Tau» қоғамдық тамақтану орны,

«Anashim pisirdi» кондитерлік өнімдері, «Janelle» кондитерлік өнімдері, «Uskudar» мейрамханасы, «Dala» тамақтану орны, «Turan eli» мейрамханасы, «Erkelet buket» клубника букеттері, «Karak home» қоғамдық тамақтану орны, «Dam you» тамақтану орны,  «Firdaus» мейрамханасы, «Tagam» асханалар желісі, «Shaurma haus» қоғамдық тамақтану орны, «Kungei food» тамақтану орны, «Baurdak» қоғамдық тамақтану орны,  «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдері, «Don rido» фаст-фуд өнімдері, «Doner klab» фаст-фуд өнімдері, «Master kofe»  нысандарына тексеріс жұмыстары жүргізілді. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz