Center Image
IHSAN.KZ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді.

«Ынтымақты сақтау- қоғам кепілі» тақырыбында уағыз айтқан бас имам: «Ислам діні – адамзатты бірлікке, татулыққа және бауырмалдыққа шақыратын, жүректерді жақындастырып, қоғамда өзара сыйластықты орнықтыратын дін. Дініміз адамдарды нәсіліне, ұлтына немесе жағдайына қарап бөлмей, бәрін тең көріп, бір-біріне жанашыр болуға үндейді. Бабаларымыз «Бақ қайда барасың десе, бірлігі жарасқан елге барамын, ынтымағы келіскен жерге барамын», – деп текке айтпаған. Сол демекші, бақ қонса тек бірлігі мен ынтымағы жарасқан елге қонатындығы ақиқат»,- деді.

Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz