Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж қарияның шаңырағына арнайы барып, қолдау білдіру мақсатында қайырымдылық көмек көрсетті.
Игі шара барысында қарияға азық-түлік, екі кілем және жеміс-жидек себеттері табысталды. Аудан имамы қарияның хал-жағдайын сұрап, жылы лебізін білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар үлкенге құрмет көрсету – ұлт тәрбиесінің негізі екенін атап өтті.
Өз кезегінде қария мешіт имамына және сауапты іске ұйытқы болған жандарға шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы