Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлының өткізуімен «Фиқһ әл-Муяссар» кітабы негізінде бір жыл бойы өткен діни сауат ашу дәрісі аяқталып, шәкірттерге сертификат табысталды.
Дәріс барысында шәкірттерге шариғат заңдары, құқық негіздері, құлшылық әдебі мен фиқһ мәселелері кеңінен түсіндірілді. Тұрақты түрде өткен тағылымды сабақтар жамағаттың діни білімін арттырып, рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізді.
Іс-шара соңында дәрісті толық аяқтап, діни сауат ашқан шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар имам Азамат Сайлауұлы ілім үйренудің артықшылығына тоқталып, алған білімді өмірде дұрыс қолданудың маңызын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы