Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда шәкірттер садақ ату өнерінен дәріс алды
Теміртауда  шәкірттер садақ ату өнерінен дәріс алды

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің шәкірттеріне «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында садақ ату өнерінен арнайы дәріс өткізілді.

Шара барысында шәкірттерге садақ атудың тарихы мен қазақ халқының рухани өміріндегі орны түсіндіріліп, ұлттық спорттың ерекшеліктері насихатталды. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибелік бөлімде садақ тарту тәсілдерін үйреніп, мергендік қабілеттерін сынап көрді.

Игі шараның басты мақсаты – жастарға ұлттық дәстүрді дәріптеп, салт-сананы құрметтеуге баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz