Center Image
IHSAN.KZ
Дін мен дәстүр: Бұқар Жырау ауданында ат жарыс сайысы ұйымдастырылды
Дін мен дәстүр: Бұқар Жырау ауданында ат жарыс сайысы ұйымдастырылды

Алда келе жатқан Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Бұқар Жырау аудандық мешітінің шәкірттері жеткіншектер арасында өткен ат жарыс сайысына қатысты.

Дін мен дәстүр бағыты аясында ұйымдастырылған бұл шараға аудан мешіттерінің шәкірттері мен жас жеткіншектер белсене қатысып, ұлттық спорт түрін дәріптеді. Сайыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты әрі достық рухта бақ сынасты.

Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіру, салт-дәстүрді жаңғырту, жастарды отансүйгіштікке, тәртіп пен бірлікке тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, арнайы марапаттар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz