Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тауып, шейіт болған ардагерлердің рухына арнап Құран бағышталды.
Игі шара барысында мешіттің наиб имамы Тилманов Танат мешіт жамағатымен бірге қасиетті Құран аяттарын оқып, марқұм болған боздақтардың рухына дұға тіледі. Сондай-ақ ел тыныштығы мен жұрт амандығы тілініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігі мен жанқиярлығы насихатталды.
Жамағат майданда жанын пида еткен батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың есімі ел жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы