Center Image
IHSAN.KZ
«Пока не исчезло» жобасы қатысушылары «Әл Ғаффар» мешітінде болды
«Пока не исчезло» жобасы қатысушылары «Әл Ғаффар» мешітінде болды

«Пока не исчезло» жобасының қатысушылары Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітіне арнайы экскурсия жасап, мешіттің рухани тыныс-тіршілігімен танысты.

Экскурсия барысында мешіт имам-ұстаздары қонақтарға Ислам сәулет өнерінің маңызды элементтері саналатын мінбер, мұнара және михрабтың мән-маңызы туралы кеңінен түсіндіріп, олардың діни әрі рухани рөліне тоқталды.

Сонымен қатар мешіт қабырғаларында көрініс тапқан Алла Тағаланың 99 көркем есімі – Әсмәул-Хусна жайында да тағылымды мәлімет беріліп, әрбір есімнің мұсылман өміріндегі тәрбиелік орны насихатталды.

Кездесу соңында қонақтар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, рухани бағыттағы әсерлі сұхбат өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz