Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті қажылық маусымының басталуына орай «Қажылық – Ұлы сапар» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – қасиетті сапарға аттанғалы отырған қажыларға ақ жол тілеп, қажылық ғибадатының рухани маңызын насихаттау болды.
Рухани кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бауыржан Мейірбекұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, жиналған жамағатқа әсерлі рухани кеш сыйлады. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы қасиетті сапарға ниет еткен қажыларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.
Кеш аясында ұстаз Жүсіпбек Шұғайұлы қажылықтың мұсылман өміріндегі орны, оның тәрбиелік мәні мен рухани пайдасы жайлы тағылымды уағыз-насихат айтты. Насихат барысында қажылықтың сабыр, тақуалық, бауырмалдық пен ықыласты арттыратын ұлы құлшылық екендігі кеңінен түсіндірілді.
Шара соңында қасиетті Құран оқылып, ата-баба рухына бағышталып дұға жасалды. Жиналған жамағат қасиетті сапарға аттанатын қажыларға ізгі тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы