Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айтқа дайындық жұмыстары жүргізілді
Құрбан айтқа дайындық жұмыстары жүргізілді

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілді.

Мешіт аумағында тазалық  шаралары ұйымдастырылып, мешіт ауласы әктеліп, сырлау-сәндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары жүргізіліп, айналаны ретке келтіру, тазалық сақтау және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.

Игі шараға мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат белсене қатысып, қасиетті мерекені лайықты деңгейде қарсы алуға өз үлестерін қосты.

Тазалық – имандылықтың бір көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы мешіттің көркі артып, жамағатқа жайлы орта қалыптасуда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz