Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай мешіт жамағатынан құралған ерікті жастар ұлттық дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында арқан тартыс сайысын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға мешіт жамағаты мен қала тұрғындары белсенді қатысып, ұлттық ойынға ерекше қызығушылық танытты. Сайыс барысында қатысушылар бақ сынап, өзара ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті.
Шара соңында жеңімпаздарға ерікті жастар өз тараптарынан арнайы сыйлықтар табыстап, алғыс білдірді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жастар арасында бірлік пен достықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл шара Құрбан айт мерекесінің мәнін арттыра түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы