Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен 15 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында «Мақал-мәтел айту» сайысы өтті.
Сайыс барысында қатысушыларға «Отанды сүю», «Ата-ананы сыйлау», «Ұстазды құрметтеу», «Адалдық» және «Қоғамға пайдалы болу» тақырыптары ұсынылып, балалар өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.
Қазылар алқасының құрамында қаланың құрметті азаматы, ардагер журналист Қуандық Сәбденов, ұлағатты ұстаз әрі ақын Дина ханым және Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейлханұлы болды.
Тәрбиелік мәні зор байқауда бүлдіршін ұл-қыздар мақал-мәтелдерді мәнерлеп айтып, өз өнерлерін көрсетті. Танымдық әрі тағылымдық сипаттағы сайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі көпшіліктің ризашылығын тудырды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, І орын иегеріне 50 мың теңге, ІІ орынға 40 мың теңге, ІІІ орынға 30 мың теңге табысталды. Сонымен қатар екі қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Шара соңында мешіт имамы Нұрболат Сейлханұлы барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы