Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінде «Адамдар жаппай жиналатын қоғамдық нысандардағы өрттерді сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қоғамдық орындарда орын алуы мүмкін өрт жағдайларында әрекет ету тәртібін пысықтап, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және өртті жедел сөндіру тәсілдерін көрсетті.
Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдай туындаған кезде сауатты әрекет ету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру. Мұндай шаралар қоғамдық нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы