Center Image
IHSAN.KZ
Теректі ауылында бұлақ көздері ашылды
Теректі ауылында бұлақ көздері ашылды

Қарқаралы ауданына қарасты Теректі мешітінің имамы Тұнғат Мұқанұлының ұйымдастыруымен Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай зираттарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар бұлақ көздері ашылып, ауыл тұрғындарының игілігі үшін тазарту жұмыстары атқарылды.

Іс-шара барысында тасаттық беріліп, елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды. Сондай-ақ мұқтаж жандарға құрбандыққа сойылған қойдың еті таратылып, қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Аталған игі бастама – өткенді еске алу, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы ізгілік пен бірлікті нығайтуға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz