Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған тағзым шарасы өтті.
Шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалардың рухына дұға бағышталды. Жамағат ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске алып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін ұғынудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ қатысушылар елдің амандығы мен бірлігі үшін арнайы дұға жасап, құрбандар рухына тағзым етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы