Center Image
IHSAN.KZ
«Әйел және ілім» кітабы бойынша білім сайысы өтті
«Әйел және ілім» кітабы бойынша білім сайысы өтті
«Бір айда бір кітап» жобасы аясында «Әйел және ілім» кітабы бойынша Әл Машани мешіті және Қажыбай қажы мешіті шәкірттері арасында білім сайысы болып өтті.

Сайыс барысында қатысушылар кітап мазмұны бойынша білімдерін сынап, әйелдің қоғамдағы орны, ғалым тәрбиелеген аналар жайында, ілім үйренудің маңызы және исламдағы әйел тұлғасының рөлі жайлы сұрақтарға жауап берді. Шәкірттер өздерінің дайындық деңгейін көрсетіп, білім мен ізденіске деген ынталарын танытты. Белсенділік танытқан шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара достық пен бауырмалдық атмосферасында өтіп, қатысушыларға пайдалы тәжірибе сыйлады. Осындай тағылымды жобалар кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, діни білімнің тереңдеуіне өз үлесін қосуда.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz