Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында «Зиярат жасау мәдениеті» тақырыбында жамағатқа насихат айтылды.
Шараның мақсаты – жамағатқа зиярат жасау әдебін түсіндіру, сондай-ақ исламдағы зияраттың орны мен маңызын насихаттау болды.
Кездесуді мешіт имамы Асқалхан Нұртайұлы жүргізіп, зиярат жасау мәдениеті мен оның шариғаттағы талаптарын жан-жақты түсіндірді. Ол зиярат барысында әдепті сақтау, қайтыс болған адамға дұға жасау, қабір басында орынсыз әрекеттерден аулақ болу сияқты маңызды қағидаларға тоқталды.
Сонымен қатар, имам зияраттың тек рәсім емес, рухани тәрбие мен сабырды арттыратын амал екенін атап өтті. Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында қатысушыларға тақырыпқа қатысты қысқаша насихат айтылып, рухани мазмұндағы маңызды ойлар түйінделді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы