Шет ауданына қарасты Кеншоқы кенті мешітінде ұстаз Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен шәкірттер табиғат аясында бас қосты.
Іс-шара барысында шәкірттерге рухани тәрбие, бірлік және табиғатты аялау тақырыптары аясында тағылымды әңгімелер айтылды. Сонымен қатар оқушыларға сергіту сәттері ұйымдастырылып, табиғат аясында пайдалы әрі тәрбиелік мәні бар уақыт өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің рухани дамуына үлес қосу және олардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыт беру болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы