Center Image
IHSAN.KZ
ТЖБ қызметкерлеріне діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында семинар өтті
ТЖБ қызметкерлеріне діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында түсіндірме семинарын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін теріс ықпалын түсіндіру, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау болды.

Семинар барысында спикер радикалды және деструктивті діни идеологиялардың белгілеріне, олардың жеке тұлға мен қоғам қауіпсіздігіне төндіретін қатерлеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, діни мәселелер бойынша сенімді дереккөздерге жүгіну және Қазақстандағы дәстүрлі діни ұстанымдардың ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.

Кездесу аясында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни тұрақтылықты сақтау мен экстремизмнің алдын алудағы ортақ жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.

Аталған семинар қоғамдық келісім мен рухани қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың діни танымын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды бөлігі болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz