Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Аталар мектебінің» жиыны өтті
«Қазыбек би» мешітінде «Аталар мектебінің» жиыны өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасы институтын нығайту мақсатында «Аталар мектебі» атты тағылымды жиын өтті.

Шараның негізгі мақсаты – қариялардың қоғамдағы және отбасындағы орны мен тәрбиелік маңызын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін айқындау. Жиынға мешіт жамағаты мен ақсақалдар қатысып, өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы отбасы құндылықтары тақырыбында насихат айтып, қазақ қоғамында аталардың алар орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ұрпаққа өнегелі тәрбие беруде, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, келер буынға жеткізуде қариялардың рөлі зор екенін жеткізді.

Жиын барысында ақсақалдар да сөз алып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы бірлігі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу сынды құндылықтар жайында тағылымды әңгімелер айтты. Сонымен қатар жастарға ақыл-кеңестерін беріп, қоғамдағы татулық пен ынтымақтың маңызын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтіп, игі бастаманың жалғасын табуына тілектестік білдірді. Жиналғандар елдің амандығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін дұға жасап, жиын қорытындыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz