Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты аясында Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт жамағатымен кездесіп, «Жат ағымның салдары» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында имам жат діни ағымдардың қоғам мен отбасы бірлігіне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, діни мәселелерде сенімді ақпаратты білікті мамандар мен ресми діни мекемелерден алуға шақырды.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни тұрақтылықты сақтау, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды қадірлеу жөнінде маңызды ойлар айтылды. Соңында ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы