ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Акошев Рүстем Мұратұлы Қарағанды облысы, Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы жаңа дін қызметкерін жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Рүстем Мұратұлы бұған дейін Қарағанды облысы, Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы қызметін атқарған болатын.
Ал, осы уақытқа дейін Молодежный кенті мешітінде біршама жыл имамдық қызметін атқарған Ерлан Мамайұлының қажырлы қызметі үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан арнайы алғыс хат табысталып, иығына қазақы құрметпен шапан жабылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы