Center Image
IHSAN.KZ
Дубовка кентінде жат ағымның алдын алу бағытында кездесу өтті
Дубовка кентінде жат ағымның алдын алу бағытында кездесу өтті

Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Абай ауданына қарасты Дубовка кентінде тұрғындармен кездесіп, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында насихат жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында имам жат ағымдардың қоғамға, отбасы құндылықтарына және жастар тәрбиесіне тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастығына тоқталып, дін мәселесінде тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінудің маңызын атап өтті.

Шарифулла Шадиев тұрғындарды діни сауаттылықты арттыруға, күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарауға және діни сұрақтар туындаған жағдайда білікті мамандар мен жергілікті мешіт имамдарынан кеңес алуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай насихаттық шаралар қоғамның діни тұрақтылығын нығайтып, тұрғындарды жат идеологиялардың ықпалынан қорғауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі екені айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz