Center Image
IHSAN.KZ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Ақтоғай аудандық мешітінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға мешіт шәкірттері белсене қатысып, мешіт ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді.


Сенбілік барысында аула аумағы қоқыстан тазартылып, арамшөптер жиналды, айнала ретке келтірілді. Шәкірттер қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті екенін іс жүзінде көрсетіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.


Шараның мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ислам дінінде тазалықтың ерекше орын алатыны айтылып, қатысушыларға қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңыздылығы түсіндірілді.


Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға өз септігін тигізбек.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz