Center Image
IHSAN.KZ
«Жат ағым – қоғам дерті» тақырыбында уағыз айтылды
«Жат ағым – қоғам дерті» тақырыбында уағыз айтылды

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы жастармен кездесіп, «Жат ағым – қоғам дерті» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Кездесу барысында имам дәстүрлі діннің маңыздылығына тоқталып, теріс діни ағымдардың қоғамға, отбасы құндылықтарына және жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жастарды діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алуға, діни сауаттылықты арттыруға және ұлттық құндылықтарды берік ұстануға шақырды.

Ербол Мұқанұлы жат ағым өкілдерінің белгілері мен олардың ықпалынан сақтану жолдары туралы айтып, дін мәселесінде білікті мамандар мен мешіт имамдарының кеңесіне жүгінудің маңызын атап өтті.

Кездесу соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың діни танымын қалыптастырып, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қосуда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz