Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ.
ҚАРАҒАНДЫДА «ХАЛАЛ – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ.
Қарағанды қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Халал – шариғат талабы» атты имамдарға арналған семинар өтті.

Семинарға өңір имамдары мен жауапты мамандар қатысты.

Семинрға «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы арнайы қатысып, дін қызметкерлеріне шариғаттағы халал талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар,  халал индустриясының қазіргі ахуалы, халал өнімдерге қойылатын шариғи талаптар, сертификаттау және кәсіпорындармен жұмыс жүргізу мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Кездесу соңында «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы халал талаптарына сәйкестігі расталған бірқатар кәсіпорындарға халал куәліктерін табыстады.

Семинар қатысушылары халал саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz