Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа арналған кезекті рухани кездесу өтті. Басқосуда мешіт ұстазы Оразалы Ноянұлы жамағатқа «Жат ағымға түсу, тура жолдан адасу себептері» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын діни сауаттылық жайына тоқталды.
Уағыз барысында ұстаз жат ағымдардың пайда болу себептері, олардың қоғам мен отбасы бірлігіне тигізетін кері әсерлері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ дін мәселесінде тек сенімді дереккөздерге жүгіну, білімді білікті мамандардан алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Құран мен хадистерден мысалдар келтіріліп, дін жолында адасудан сақтанудың жолдары түсіндірілді. Жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тақырып аясында тұшымды жауаптар алды.
Шара соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, жамағатқа пайдалы насихат ұсынылды. Мұндай рухани кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы