Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Төле би» мешітінде «Тазалық – иманның жартысы» жобасы аясында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және тазалық мәдениетін қалыптастыру. Акцияға мешіт қызметкерлері, жамағат және еріктілер қатысып, мешіт ауласы мен оған іргелес аумақтарды тазалауға атсалысты.
Ислам дінінде тазалыққа ерекше мән беріледі. Халқымыз да «Тазалық – денсаулық кепілі» деп, қоршаған ортаны таза ұстауды адамзатқа ортақ құндылық ретінде бағалаған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы