18 қазан – Рухани келісім күніне орай Шет ауданына қарасты Ақжал кентінде мешіт жамағаты арасында футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыру, өзара ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.
Тартысты өткен футбол бәсекесіне мешіт жамағаты белсенді қатысып, спорттық шеберліктерін байқатты. Ойын барысында қатысушылар өзара ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
Мұндай игі бастамалар жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы