Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фархад Нұрланұлы «Дархан дала» жобасы аясында шәкірттерімен бірге “Соқыр Жалаңтөс батыр” мазарына зиярат етті.
Танымдық сапар барысында ұстаз шәкірттерге зиярат жасаудың мәдениеті мен әдептерін түсіндіріп, тарихи тұлғалардың өмірі мен ел тарихындағы орнын таныстырды. Сондай-ақ өткенді құрметтеу, бабалар мұрасын ұлықтау және тарихи орындарға тағзым етудің тәрбиелік мәніне тоқталды.
Мұндай тағылымды сапарлар жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға және рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы