Center Image
IHSAN.KZ
Достық деген қандай?
Достық деген қандай?
хзщБетпе-бет достық; Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс күн атып батқанға дейін көзін алмайды досынан.. Қашықтықтағы достық; теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстармен, кешкісін жұлдыздармен жеткізеді.. Үндемейтін достық; мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқандағы достық. Барлық әңгіме осы қолдар арқылы айтылады. Міндетті достық; Жексенбі мен Дүйсенбі күндер сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр… Сәйкес бола алмаса да бір-біріне, дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті… Күндердің бірінде өлген достық; орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тәрізді… адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді да ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын биік зәулім үйлер салынған кезде өлетін достық… “Күтімсіз достық” деген де болады… Әйтеуір аман ғой, әйтеуір доспыз ғой деп ұзын жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық…

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz