Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ешқашан жәннатқа кірмейтін дене кімдікі екенін білесіз бе?
14 сәуір, 2017 жыл 8467 Басып шығару нұсқасы

     Ислам дінінде асқа да көп көңіл бөлінген. Азықтардың адал-арам болып бөлінуі, харам азықтардың Құран Кәрімде қатаң ескертілуі бізге осыны аңғартады. Бала тәрбиесі тұрғысынан да азықтың маңызды екенін сүннеттен де көруге болады. Бала туылғанда алғаш аузына салатын азығына қатты мән берген Пайғамбарымыз сахабаларына осы райда ескертулер жасаған. Баланың аузына салынатын алғашқы дәмнің құрма сөлі болуын қатты қадағалаған. Құран Кәрімде баланың сүт ему уақытын екі жыл деп беруі де бізге алғашқы жылдардан-ақ баланың азығына көңіл бөлуімізді ескерткендей. Хадистерде ана сүтіне де көңіл бөлініп, «Сәби үшін ана сүтінен қайырлы сүт жоқ»182 деген. Ана сүтінің баланың мінез-құлқына әсер ететінін баяндаған. Демек, тамақтану мәселесі баланың дене тәрбиесі үшін де, мінез-құлқы, яғни рухани тәрбиесі үшін де өте маңызды. Сондықтан Ислам дінінде тамақтануға байланысты айтылған өсиеттер мен әмірлерді бала тәрбиесінде де басшылыққа алғанымыз абзал. Құран Кәрімнің ас мәселесінде бізге жасаған ең маңызды ескертулерінің бірі адал-арамның аражігін ажыратып, адалын ғана жеу екенін жоғарыда да айттық. Құранда бұл жайында: «рызық ретінде берілгендердің тазасын»183, «таза және адалын жеу»184 деген әмірлер айтылады. Құранда бір аятта өткенкеткен пайғамбарлардың бәрінің үмбеттеріне таза ырзықтардан жеу әмір етілгені айтылады185. Демек, адам баласы жаратылғалы бері ең басты парыздардың бірі – астың адалдығы. Сондай-ақ Құранда адал әрі таза азықты таңдап жеуді мұсылмандықтың басты шарты ретінде көрсетеді186. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде «Харам аспен қоректенген дене ешқашан жаннатқа кіре алмайды»187 деген. Құран әмірін тыңдап, сүннетпен жүруді тура жол деп қабылдаған алғашқы мұсылмандар байқаусызда харам ас аузына түсіп кетсе, оның бір түйірін де қалдырмай, өздерін құсуға күштеген. Осылайша харам астан бойларын барынша аулақ салған.

182 Мүснәду Зәйд. Б. 481. Ширатул-Ислам 84/б.

"Исламдағы бала тәрбиесі"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары