Әбу һурайрадан (р.а) жеткен риуаятта бірде Алланың Елшісіне (с.а.с) бір кісі келіп, өзінің аш екендігін білдіреді. Пайғамбар (с.а.с) оны тамақтандыруды әйелдерінің біріне тапсырмақ болғанда ол жұбайы: "Өзіңді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант етейін, үйде қара судан басқа ештеңе жоқ", - дейді. Сосын басқа бір әйеліне жібермек болғанда, одан да сондай жауап алады. Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с) үйінде қонақ күтерлік жағдай жоқтығы анықталады. Ақырында Алланың Елшісіне (с.а.с) сахабаларына қайырылып: "Мына кісіні кім қонақ етеді?" -деп сұрайды. Сонда ансарлардың бірі тұрып: "Мен қонақ етейін, уа Расулалла"-дейді. Сөйтіп, оны мейман ету үшін алдымен әйеліне барып: "Үйде бірдеңе бар ма еді?"-деп сұрайды. "Әйелі балалардың талғажу етіп отырған азығынан басқа ештеңе жоқ", -деп жауап береді. Күйеуі: " Оларды бірдеңемен алдандырасың. Қонағымыз үйге кіргенде шамды сөндір. Біз бірдеңе жеп отырғанға ұқсайық. Ал ол тамақ жегенде шамды жақ"- дейді. Сөйтіп бар тамағын қонаққа беріп, оны разы қылады да, үйде ештеңе жоқ екенін сездірмейді. Сол ансарлық таңертең алдына келгенде Құдайдың қалауымен оның ісінен хабардар болған Пайғамбар (с.а.с): "Алла кешегі түні жұбайыңмен екеуіңнің қонағыңа жасаған істеріңе қайран қалды", -деп, ізгі ісінің сауабымен сүйіншілейді.
"Дін мен дәстүр" кітабыАнсарлықтың қонақ күтуі

"Дін мен дәстүр" кітабы
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы