Center Image
IHSAN.KZ
Алкогольсіз сыраны ішуге бола ма?
Алкогольсіз сыраны ішуге бола ма?

Кейде адам баласы Алла Тағаланың мыңдаған халал тағамы тұрғанда неге соның ішінен санаулы харамына құмар болып тұрады? Әрбір күнә өзінен кейінгі үлкенірек күнәның хабаршысы. Күнәлар баспалдақ тәрізді бірінен соң бірі жетелеп күпір жарына түскенге дейін пендені жетелей бермек. Жалпы сыра деген не нәрсе өзі? Оның шыққан жері, ата-тегі не? Сыра әу баста шыққанда харам болып шыққан. Бұл сауал маған «құлағалы тұрған үйде тұруға бола ма?» дегендей естіледі. Құранда Алла Тағала зинаға қатысты «зина жасамаңдар» демейді. «Зинаға жақындамаңдар» деп бұйырады. Өйткені зинаға жақындаған адам кез-келген сәтте соның арбауына түсіп қалуы мүмкін. Исламда «Сәд зара′ и» деген қағида бар. Бұл қазақ тілінде «харамға жетелейтін кез-келген нәрседен қашық тұру» дегенге саяды. Ендеше, сіздің «алкогольсіз сыраңыз» да осыған ұқсайды. Яғни сол сырада спирт болмағанымен, ішкен адамды мас қылмағанымен бұл сыра түбінде өзінің тегіне тартып, сізді сол еліне қарай жетелеуі мүмкін. Бүгін алкогольсіз сыраны ішкен күн ертең кәдуілгі сыраны ішпесіне кім кепіл? Әрі бір күні елімізде халал шарап, алкогольсіз коньяк, халал шампан да шығуы мүмкін (Иә, бұл күндері кейбір мұсылман елінде дәл осындай ішімдік түрлері жасала бастаған.). Бұған «шайтанның адамға оң жағынан жақындауы» деп айтылады. Шайтан бір мұсылманға келіп: «халал арақ- шараптан, коньяктан іш, харамынан ішпе! Өйткені сен тақуасың» дейді. Ал соны ішіп әбден үйреніп алған кезде шайтан оған: «Заты бөлек болса да аты бірдей ғой. Енді сенің таңдайтындай не қасиетің қалды» дейді. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім бір елге ұқсайтын болса, онда ол солардан болады» дейді. Ішімдік атаулы мұсылманға жат Һәм шайтанның айла тәсілінің қолтаңбасы. Атам қазақтың «арақ – атаңнан қалған ас емес» дегені де сол. Сондықтан алкогольсіз сыра адамды мас қылмаса да шыққан тегіне қатысты «Сәд зара′ и» қағидасы тұрғысынан харамға жатады. Әрі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Көп мөлшері мас қылатын ішімдіктің аз көлемі де – харам» (Тирмизи. Сахих хадис) дейді. Сондықтан алкогольсіз сыраны спирттен кенде деп айта алмайсыз. Басқа хадисте: «Мас қылатын әрбір ішімдік – харам. Фарақ (Фарақ дегенміз – 9,3 л.) мөлшеріндегі мас қылатын ішімдіктің алақанды толтырар мөлшері де – харам» (9 Тирмизи. Сахих хадис.) деп айтылады. Ендеше, қазіргі кездегі ғұламалардың бірі – Усама Абдулкарим әр-Рифағи араб елдерінде шығарылатын алкогольсіз сыраның құрамын арнайы лабораторияға барып тексергенде оның құрамында 0,004 г спирттің бар екенін анықтаған. Олай болса, бұл сыра да кәдуілгі сыраның бірі. Сол себепті ол – харамға жатады. («Отбасы ғылымхалы»)

 

Сыраның зиянын ата-бабаларымыз ертеде көзбен көрмей ақ, дәмін сезбей ақ айтып кеткен. Елге бітім айтқан би әрі жырау Мөң

 

 

Ішкенің сары су болады,

 

 

Берсең итің ішпейді,

 

 

Бірақ адам оған құмар болады,

 

 

Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.

 

 

Кейбіреулер сыра аяғы ауыр әйелдерге, бала емізетін аналарға пайдалы дегенді алға тартады. Ал Ресейдің бір білікті дәрігері «Ресейді құртып жатқан ЖИТС та емес, туберкулезде де емес, тек жастар арасында сыраға әуестіктің өршуі» деген. Тағы бір дене түршігерлік факт: сыраны ішкен еркектің бойында әйел гормоны басым болып, белсіздікке ұшырайды, ал әйел адам керісінше еркекшора бола бастайды. Яғни дауысы жуандап, мінез-құлқы

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz