Center Image
IHSAN.KZ
Сүйікті Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) түр-әлпеті қандай болды?
Сүйікті Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) түр-әлпеті қандай болды?
 

photo_68749Пайғамабарымыздың(с.ғ.с) сипаттары өте үлкен. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) жаратылысы мен мінез-құлқы жағынан адамдардың ең ұлығы. Хасан мен Хусейннің (Алла екеуіне де разы болсын.) нағашылары болған Хинд ибни Хале Пайғамбарымызды(с.ғ.с) былайша сипаттайды:

Пайғамбарымыз(с.ғ.с) әрдайым ойшыл және ауыр салмақты болып көрінген. Керексіз жерде сөйлемейтін, үндемеуді қалайтын.  Сөйлегенде өте әдемі және ашық сөйлейтін. Артық сөйлемейтін еді. Арзымайтын жақсылық үшін   рахмет айтып қарсы алатын, ешбір адамға зиян, қиянат жасамайтын. Сосын ешкімді жамандамайтын, бір нәрсені көп мақтап немесе көп  жамандамайтын.  Дүниеге (байлыққа) байланысты нәрселер оны ашуландырмайтын. Хақсыздықты ешқашан ұнатпаған. Бір жерде әділетсіздік  көрген мезетте, қолынан келгенінше тоқтатуға тырысатын. Өзіне қарсы көрсетілген қателерге қарсы өкпелемеген. Бір істі істейтін болса, сол іске бар ынтасымен кірісетін. Көңіліне дұрыс келмеген бір нәрсені көрсе, жүзін бұрып, көзін жұматын. Көңіліне ұнаған нәрсені көрсе, оған қарай күлімсірейтін. Оның күлуі - күлімсіреуі еді. Өте қызықты нәрсені көргенде, сыпайы түрде ғана күліп алатын.

Құрметті оқырман! Алла Тағала  Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) асыл қасиеттерге толы әдептерімен тәрбиеленуімізді нәсіп етсін. Шапағатына лайық қылсын. Әмин.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz