Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау және жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл мұраларына деген құрметті қалыптастыру.

Рәсім барысында бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, ақ бата берілді. Сондай-ақ ата-анасына ізгі тілектер айтылып, бүлдіршіннің қадамы құтты, болашағы жарқын болуына тілектестік білдірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz