Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Ақтас кентінде қарттар үйіне арнайы барып, мекемедегі 18 қарияға сыйлықтар табыстады.
Кездесу барысында имам қарияларға өзінің ыстық ықыласы мен ізгі лебізін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.
Игі шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, қарияларға қамқорлық таныту, қоғамда мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.
Өз кезегінде мекеме ұжымы көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін мешіт имамына алғысын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы