Center Image
IHSAN.KZ
Абдуллаһ бин Аббас
Абдуллаһ бин Аббас

fony_172Абдуллаһ бин Аббас - ұлы сахабаладың бірі. Хижрадан 3 жыл бұрын дүниеге келді. Пайғамбарымыз қайтыс болған кезде 13 жаста болатын. Екі рет Жәбірейіл алейһисселамды көрді. Пайғамбарымыз оған Аллаһу та’ала даналық берсін деп, дұға еткен. 71 жасында Таифта қайтыс болды.

Бір күні мешітке бара жатып, жолда бір әдемі әйелді көреді. Нәпсісінің оған бет бұрғанын байқады. «Ей, Раббым! Сен маған көзді бір ниғмет етіп бердің. Бірақ, мұның бір бәле болуынан қорқамын. Көзімді көргізбе» деп дұға етеді. Көздері көрмей қалады. Бауырының баласы оны мешітке апарады, бір тіректің түбіне құбылаға қаратып отырғызады. Бала ойнауға кететін, керек кезінде баланы шақырып алатын. Бір күні дәрет алу керек болды. Баланы шақыртады. Ойынға беріліп кеткен бала келе қоймайды. Маңайды ластайтынынан қорқып, «Ей, Раббым! Көзімді нығмет ретінде бердің. Бәле болатындығынан қорқып көргізбей қойдың. Енді киімім мен мешіттің ластануынан қорқамын» дейді. Сол кезде көрмейтін көздері қайтадан ашылады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz