ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында облыстық клиникалық балалар ауруханасында ем алып жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар, дәмді жемістер мен ойыншықтар тарту етілді.
Сонымен қатар, аниматорлар түрлі ойындар ұйымдастырып, балалардың көңілін көтерді. Түрлі қызықты ойындар мен көңілді сәттер бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлап, ауруханадағы күндерін шаттыққа бөледі.
Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеген шараның соңында мекеме басшылығы мен ата-аналар ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорына шынайы алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы