Center Image
IHSAN.KZ
Мұхаммед Пайғамбарымыз жүзік тақты ма?
Мұхаммед Пайғамбарымыз жүзік тақты ма?

10-4906-010-1108Алла елшісінің жүзігіне қатысты сахабалардың айтқандары:

Анас ибн Мәлік: «Пайғамбар жүзігі күмістен жасалған Эфиопия тасымен болатын».

Ибн Умар: «Пайғамбар күміс жүзік алды. Ол оны мөрі ретінде пайдаланды және саусақтарына тақпады».

Анас ибн Мәлік: «Пайғамбар жүзігі күміс еді. Тасы да күміс».

Анас ибн Мәлік:  «Алла елшісі шетелдіктерге хат жазғанда олар мөрсіз қабылдамайтынын айтады. Ол сонда Яла ибн Умайға жүзікке тапсырыс берді».

Анас ибн Мәлік: «Алла елшісінің жүзігінде үш жол болды: бірінде - «Мұхаммед», бірінде - «Елші», бірінде – «Алла» сөздері жазылған».

Анас ибн Мәлік: «Алла елшісі Иран патшасы Кисрға, Византия императоры Кайсарға (Гераклиус) және Эфиопия королі Наджашиға (Негус) хат жазбақ болғанда олар мөрсіз қабылдамайтынын айтты. Сонда Алла елшісі күміс жиекті жүзік құюға бұйырды. Жүзікте «Мұхаммед – Алла елшісі» деген жазу болды».

Анас: «Пайғамбарымыз дәретханаға кірмес бұрын қолынан жүзікті шешетін».

Ибн Умар: «Алла елшісі күміс жүзік алды. Бұл жүзік шынашағына тағылды. Кейін бұл жүзік Әбу  Бәкірдің, одан кейін Умардың, одан кейін Арис құдығына түсіп кеткенше Усманның шынашағында болды. Онда «Мұхаммед – Алланың елшісі» деген жазу ойып жазылған болатын»-дейді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz