Center Image
IHSAN.KZ
Алла елшісі қандай жануарларды жақсы көрген?
Алла елшісі қандай жануарларды жақсы көрген?

 originalМұхаммед Пайғамбардың жылқылары

Анастың: «Алла елшісі әйелдерден кейін жылқыларды ерекше жақсы көретін»-деген сөзі жеткен.

Әбу Хурайра: «Алла елшісіне бәрінен бұрын маңдайында қасқасы бар торы аттар, жүйрік, қитықсыз, оң аяғында ақ дақтары бар аттар ұнайтын»-дейді

Ибн Аббас: «Алла елшісінің аль-Муртаджиз атты жылқысы болатын» - дейді.

Мусаннаф авторы: «Алла елшісінің бірінші аты  ас-Сакб аталатын. Сондай-ақ оның бір бедуиннен сатып алған аль-Муртаджиз аталатын жылқысы болды. Сондай-ақ аль-Лизаз, ат-Тырф, аль-Верд және ан-Нахиф» аталатын жылқылары бар ед»-деген.

Алла елшісінің түйелері

Анас: «Алла елшісінің аль-Абда атты аруанасы болды, жүйріктігіне ешкім жете алмайтын. Бірақ бірде әлдебір бедуин өз түйесімен одан озып кетті. Сахабалар Алла елшісіне: «Аль-Абда жеңілді»-деді. Сонда ол: «Бұл – Алланың заңы. Биікке жетіп, төменге түспейтін ештеңе жоқ»-дегенін жеткізеді.

Ибн Умар: «Меккені алған күні Алла елшісі Касва аталатын аруанамен жүрді»-дейді.

         Муаз ибн Джабаль: «Мен Алла елшісінің артында, қызыл түйе үстінде отырдым»-деген.

Алла елшісінің қашыры

Аббас: «Хунайна жанындағы соғыста мен Алла елшісінің қасында болдым. Ол кезде Алла елшісінің жанында мен және Әбу Суфьяннан басқа ешкім болған жоқ, Алла елшісі өзіне Фрава ибн Нуфас сыйлаған ақ қашырдың үстінде болды»-дейді.

Аль-Асбаг ибн Нубата: «Әли ибн Әбу Тәліп Нахриван жанындағы соғысқа қатысқанда Алла елшісінің қоңыр қашырымен жүрді»-дейді.

Мусаннаф авторы: «Алла елшісінің қашырын  аш-Шехба атайтын, сондай-ақ оны Дүлділ деп те атайтын»-дейді.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz