Center Image
IHSAN.KZ
Алла елшісіне пайғамбарлық түскен үңгір қалай аталады?
Алла елшісіне пайғамбарлық түскен үңгір қалай аталады?

 Жауап:

article2341Хира – бұл солтүстік-шығыс Меккеден үш миль қашықтықта орналасқан таудың аты. Осы таудағы үңгір ислам тарихында Алла елшісіне алғаш  рет пайғамбарлық түскен мекен ретінде қалған. Сол себепті де оны «Джабалюн-Нұр» атайды (Нұр тауы). Алла елшісі өзіне пайғамбарлық түскенге дейін, әсіресе отыз бес жастан асқанда осы үңгірде жиі келетін болатын. Сонда Алла туралы ойға беріліп, Оның құдіреті, адамның әлсіздігі, ғаламның жаратылысы туралы ойларға шомған. Ал қырық жасқа толғанда осы үңгірде оған пайғамбарлық беріледі. Пайғамбарлық түскеннен кейін де Алла елшісі аракідік осы үңгірге келіп тұрған. Бірде сахабаларымен бірге Хира тауына көтерілгені, сол кезде таудың шайқалғаны туралы айтылады. Сол кезде Алла елшісі: «О, Хира тыныштал! Қазір сенде аяқ басып тұрғандар – Пайғамбар мен тақуалар немесе шахидтер»-деген екен.

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz