Center Image
IHSAN.KZ
Алла елшісінің жастық шағы
Алла елшісінің жастық шағы

muhammad_lybimec_allahaАлла елшісінің балалық шағы мен жастық шағы тақуалықпен өтеді. Пайғамбарлық түскеннен кейін алған мінез-құлық онда пайғамбарлыққа дейін де болған еді. Оның жастық шағы өткен Меккедегі өмір діншілдік тұрғыдан өте қиын еді. Жахилия дәуірінде алаяқтық, алдау, құқық бұзу, зұлымдық кең тараған-ды. Және қалыпты, үйреншікті әдетке айналған болатын. Осы ортада өмір сүре отырып Алла елшісі күнәға жетелейтіндей ешбір іске қол былғамаған еді.

Алла елшісінің жастық шағы ағасы Әбу Тәлибдің қасында өтеді. Інісіне мамандық ретінде Әбу Тәлиб сауданы таңдайды. Өзі де белгілі саудагер болған.  Әбу Тәлибпен сапарларға шыға жүріп ол үлкен тәжірибе жинайды. Өзінің саудадағы адалдығы мен әділдігінің арқасында айналасындағылардың арасында үлкен танымалдыққа ие болып, құрметке  бөленеді. Сол кездері арабтар арасында өз капиталын басқа адамға уақытша басқаруға беретін әдет болған. Және сол басқарған адам пайдадан өз үлесін алатын. Алла елшісі де осы іспен шұғылданған. Әрі өзінің адалдығының арқасында сый-құрметке бөленеді, үлкен жетістікке қол жеткізеді.

Мұхаммед Пайғамбарлық алған кезде меккеліктердің оған деген қарым-қатынасы бірден өзгеріп сала береді. Олар оған күйе жағуға, елдің алдында масқаралауға тырысады.

Алла елшісінің өмірі туралы кітаптардың алғашқы авторлары болған Ибн сад пен Ибн Ысқақ оның жастық шағын былай суреттейді:  «Жас кезінен-ақ Алла елшісі өз халқының арасында тақуа, қайырымды, көркем мінез-құлықты, әділ және адамгершілігі бол жан болатын. Алла Тағала оның бойына ең жақсы қасеитетерді жиыстырған. Сондықтан жас кезінде-ақ ол өз халқының арасында «әл-Эмин» (сенімді) атымен белгілі болды».

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz