Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар ісі» секторының меңгерушісі медресе шәкірттерімен кездесті
«Жастар ісі» секторының меңгерушісі медресе шәкірттерімен кездесті

  ҚМДБ-ның жанындағы «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бағжан Ерболатұлы Күзекбай Қарағанды облысына жасаған қызметтік сапары барысында  «Әнет баба» мешіті жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттерімен кездесті.

Бөлім басшысы  кездесуде жастарға діни білім алу және мешіт саласында қызмет етудің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесуге облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып,  оқу ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.  
Кездесу соңында Бағжан Ерболатұлы  шәкіттердің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауап берді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz