Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ТҮСІНДІРІЛДІ
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ТҮСІНДІРІЛДІ

Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жамағатқа ҚМДБ бекіткен «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, оның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесу барысында құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау, ас беру рәсімін шариғат талаптарына сай өткізу және ұлттық дәстүрдің озық үлгілерін ұстану мәселелері сөз болды.

Жиынның мақсаты – ас беру мәдениетін қалыптастыру, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және игі дәстүрдің мән-маңызын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz